ҚР педагогтерінің Республикалық съезіне қатысу туралы

ҚР педагогтерінің Республикалық съезіне қатысу туралы
2023 жылы 5 қазан күні Ел Президенті Қасым -Жомарт Кемелович Токаевтың қатысуымен Қазақстанның барлық облыстарынан келген озық ойлы, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың республикалық съезі өтті. Бұл күн де кездейсоқ таңдалып алынған жоқ. 2023 жылдан бастан 5- қазан республика бойынша мұғалімдердің кәсіби мереке күні болып аталып өтілетін болды. Ел Президенті өз сөзін ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» дей келе өскелең ұрпаққа тағлымды тәрбие және озық білім берудегі ұстаздарға жүктелетін зор жауапкершілік туралы айтты. Сонымен қатар мұғалімдердің жалақысының екі есе артуы, биылғы жылғы мектепалды даярлық тәрбиешелірінің жалақысының 30 пайызға артуы, мұғалімдердің мәртебесінің артуы- бұл мемлекет тарапынан ұстаздардың жағдайын арттыруға жасалған қамқорлығы екенін айтты. Ұстаздарға бала тәрбиесінде баса назар аударатын мәселелерге қатысты өз ойын айтып, басым бағыттарды айқындап берді.
Осы съезге 46 орта мектібінің химия пәні мұғалімі Актанова Назым Каиргазиновна қатысты. Басқа облыстардан келген ұстаздармен өз ойлары, тәжірибемен алмасты. Съездің алдында ұйымдастырылған тағлымды-мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қазақстанның ұлттық мұражайы, Ұлттық академиялық кітапхана, Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрында өткен іс-шаралардан да мұғалімнің өзіне алғаны көп болды.
Өскемен қаласы бойынша білім бөліміне съезге депутат ретінде қатысуыма сенім білдіріп жібергеніне алғыс айтты.