5 қазан күні Астана қаласында өткен ҚР педагогтерінің республикалық съездіне Өскемен қалалық білім бөлімі Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі атынан делегат болып Чекетаева Роза Сарқытбекқызы қатысты. Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаевпен кездесу барысында педагог мәртебесі туралы заңнаманың қағаз жүзінде емес, іс жүзінде іске асып жатқаны мұғалімді қуантты. Әсіресе "Үздік педагог" конкурсының жеңімпаздарына көрсетіліп жатқан мәртебе ерекше болды.
Президентің "Зайырлы мемлекет" туралы айтқаны ұнады. "Оқушы мектепке білім алу үшін келеді" дегені ұстаздарға үлкен аманат.