
2023 жылғы 6 қазанда ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 100 балабақша-бөбекжайы» КМҚК-да «Ұстаздар күні» мерекесіне орай «Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: тәжірибе және перспективалар» тақырыбында Өскемен қаласының балабақша басшыларының, әдіскерлерінің және педагогтарының II қалалық слеті өтті. Мақсаты: мектепке дейінгі білім беру жүйесінде басшы қызметкерлердің мәртебесін арттыру және кәсіби имиджін қалыптастыру; менеджмент бойынша жұмыста озық әдістер мен тәсілдерді пайдалану бойынша әдістемелік қолдау көрсету; кәсіби педагогикалық өсуді және шығармашылық әлеуетті дамытуды ынталандыру; белсенді жұмыс істейтін педагогтарды анықтау және көтермелеу. Командалар Сәлемдесу визиткаларын, «Тәрбие бесіктен басталады» үй тапсырмасын ұсынды, олардың шығармашылық әлеуеті, жоғары педагогикалық шеберлігі көрсетілді. Қазылар алқасы слетке қатысушы командалардың өнерлерін жоғары бағалай отырып келесідей марапаттады: III орындарды ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№7 «Радуга» балабақша-бөбекжайы» КМҚК және «Шығыс Балдырған» ЖШС бөлісті. II орынды ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 8 «Мирас» балабақша-бөбекжайы» КМҚК иеленді. I орынды ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№12 «Светлячок» балабақша – бөбекжайы» КМҚК командасы алды. ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Алтын дән» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балабақшасы» КММ командасына құрметті «Бас– Жүлде»берілді. Қалған қатысушылар слетке қатысқаны үшін сертификаттарымен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!