"Жас педагог" инновациялық алаңы

"Жас педагог" инновациялық алаңы

Мұғалімдер күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "№10 мектеп-гимназиясы" КММ базасында 2023 жылғы 5 қазанда Өскемен қаласының білім беру ұйымдары педагогтарының "Педагог: Мамандық. Кәсіп. Өнерге баулу". "Жас педагог" алаңының жұмысына 3 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар 65 жас педагог қатысты. Форумның мақсаты: жас мамандарға теориялық және практикалық білімді жетілдіру және олардың педагогикалық шеберлігін арттыру мәселелерінде практикалық көмек көрсету болды. Форумда  4 бағыт бойынша коучингтер өткізу ұйымдастырылды: "Менің күшті жақтарым", "Креативті мен", "Warm up" әдісі ", "Ойын жағдайлары". Іс-шара барысында жас педагогтарға сыйлықтар табысталды және бақыт сертификаттары. Форум қызықты,  тиімді өтті, жас мұғалімдердің жоғары бағасына ие болды.