"Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі" тақырыбында тақырыптық алаң

"Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі"  тақырыбында тақырыптық алаң

2023 жылғы 5 қазанда ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "№15 орта мектебі" КММ базасында "Педагог. Мамандық. Өнерге баулу " Форумында  "Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі" (12 қадам) тақырыбында тақырыптық алаң өткізілді.

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің ӘК әдіскері А.Д. Нугумарова қатысушыларды мектептегі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің ерекшеліктерімен таныстырды, осы бағыт бойынша жұмыстағы проблемалық сәттер талқыланды. "№15 орта мектеп" КММ ресурстық орталығының педагог-психологтары Г.Е. Беккалиева және Г. М. Жандарбек шеберлік сабағын өткізді, сондай-ақ мамандардың тиісті құжаттамасын жүргізу бойынша презентация, бағдарлама жасау тәртібі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктеріне бағалау жүргізу материалдары ұсынылды. Педагог-психологтар С. С. Ақылбекова, А. К.Қалқаманова, А. С. Серікбекова, г. Н. Нұрлыбекова ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу моделін жасау бойынша түзету-дамыту жаттығуларын ұсынды және жүргізді.

Кездесу жанды қарым-қатынас пен өзара қызығушылық жағдайында өтті.