Төс белгілеріңіз құтты болсын!

Төс белгілеріңіз құтты болсын!
28.06. - 04.07.2023 жылы аралығында Өскемен қаласының қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері Моңғолияның Баян Өлгий аймағындағы «Қабылқақ атындағы Көкмойнақ № 3 орта мектебіне» халықаралық дәрежеде іс - тәжірибе алмасу мақсатында барды.
Іс - тәжірибе алмасу кезінде «Оқу - тәрбие үрдісіндегі ұлттық құндылықтарды қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәні сабақтары арқылы оқушы бойына сіңіру» атты тақырыпта шебер - сынып ұйымдастырды.
Өскемен қаласы бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәнінің әдіскері -З.С.Скакова, «№ 48 мектеп - қосымша білім беру орталығы» КММ, оқу ісінің меңгерушісі, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі - Н.И.Шабалова, «Абай атындағы № 33 орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі - А.Торгайн, «Негізгі орта мектеп - интернаты» КММ, директордың ақпараттық технологиялар ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Л.Т.Абай, «№19 қосымша білім беру мектеп - орталығы» КММ, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі - А.С.Уликбекова «Қабылқақ атындағы Көкмойнақ № 3 орта мектебіне» барған кездегі іс - тәжірибелерімен бөлісті.
Отырысқа Өскемен қалалық мәслихат депутаты, ақын Ә.Қуанбай келіп халықаралық дәрежеде іс - тәжірибе алмасу мақсатында барған мұғалімдерге «Моңғолияның Баян Өлгий аймағының 80 жылдығы мен білім беру саласына үлес қосқаны» үшін төс белгісін тапсырды.
Төс белгілеріңіз құтты болсын, еңбектеріңізге жеміс тілейміз!