«Білім берудегі заманауи менеджмент» тақырыбындағы инновациялық алаң

«Білім берудегі заманауи менеджмент» тақырыбындағы инновациялық алаң

5 қазан күні ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында Мұғалімдер күні аясында 5 жылға дейінгі тәжірибесі бар директорлар мен директорлардың орынбасарлары үшін «Педагог: Мамандық. Кәсіп. Өнер» форумы өткізілді. Форум мерекелік концерттен басталды, концерттен кейін қатысушылар «Білім берудегі заманауи менеджмент» тақырыбындағы инновациялық алаңға шақырылды. Алғы сөзбен мектеп директоры Омарова Ж.М., қалалық білім бөлімінң әдіскері Капчикова Н.Т. Форум қатысушыларымен жұмысқа кірісу үшін «Күтілетін жағдай – ақиқат» тренингі өткізілді. Оң көзқарасты қалыптастыру мақсатында «Табысты менеджердің ережелері» лотереясы өткізілді. Форумға қатысушылардың білімін өзектендіру үшін «Білім берудегі заманауи менеджменттің өзекті мәселелері» атты онлайн викторина өткізілді. Директор Омарова Ж.М. мектептің жұмыс тәжірибесінен мектептің білім беру процесін басқарудағы тиімді құралдар туралы айтты. Қатысушылар  жобалық менеджменттің заманауи технологияларымен танысты.

Форумға қатысушылар іс-шараны ұйымдастыру мен өткізудің жоғары деңгейін атап өтті.