Қазақ тілі және әдебиет пәндері бойынша әдістемелік бірлестік жетекшілерінің отырысы

Қазақ тілі және әдебиет пәндері бойынша әдістемелік бірлестік жетекшілерінің отырысы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ жоспарына сәйкес 2023 жылдың 27 қыркүйегінде қазақ тілі және әдебиет пәндері бойынша әдістемелік бірлестік жетекшілерінің отырысы болып өтті.
Отырыс барысында қалалық білім бөлімінің әдіскері З.С.Скакова «2022-2023 оқу жылы бойынша білім беру үрдісінің сапасын арттыруға бағытталған қазақ тілі және әдебиет пәндері бойынша әдістемелік жұмыстың сараптамасы» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндама барысында 2022 - 2023 оқу жылының мақсаты мен міндеттірі, өзекті мәселелермен оны шешу жолдары айтылды.
Сонымен қатар әдіскер кадрлық құрамға, аттестаттауға, біліктілік арттыру курстарына, ОІМ, ӘБЖ, мұғалімдермен, оқушылармен жүргізілген жұмыстар мен оның нәтижелеріне тоқталды. Олимпидалар мен байқаулар, көптілділікті жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар да тыс қалған жоқ.
Әдіскер сөз соңында 2023 - 2024 оқу жылына арналған жаңа міндеттерге де тоқталып өтті.
Ш.Уәлиханов атындағы № 3 мектеп лицейінің және № 10 мектеп - гимназиясының қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері И.А.Ибатаева мен Н.З.Магзиева «2023 - 2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу - тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» атты тақырыпта шебер - сынып өткізді.