
2023 жылғы 5 қазанда "Ертіс концерт" Орталық мәдениет сарайында облыс пен республиканың білім беру жүйесін дамытуға зор үлес қосқан педагог қызметкерлерге құрмет көрсетілді. "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" медалімен Өскемен қаласының білім беру жүйесіндегі көп жылғы және адал еңбегі үшін Айбарша Зейноллановна Нурпеисова марапатталды. Құрметті марапатпен құттықтаймыз! Зор денсаулық, сәттілік, шығармашылық табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!