Отборочный тур Международного чемпионата по интеллектуальным играм «Формула интеллекта»
2023 жылғы 2 қазанда Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында 8-11 сынып оқушылары арасында "Интеллект формуласы" атты зияткерлік ойындар бойынша халықаралық чемпионаттың іріктеу өңірлік турын өткізілді. Чемпионаттың ұйымдастырушысы "Қазақстанның ядролық қоғамы" қауымдастығының жастар бөлімшесі болып табылады, ал чемпионаттың өзі Қазақстан Республикасы, Өзбекстан, Армения, Беларусь және Ресей Федерациясын біріктіреді.
ШҚТУ базасындағы іріктеу турына қаланың мектептері мен лицейлерінен 10 команда қатысты. Екі сағат ішінде интеллектуалды ойын сұрақтарына жауап бере отырып, команда мүшелері эрудиция мен тапқырлықта бақ сынасты. Өткізілген өңірлік турдың қорытындысы бойынша № 12 мектеп-гимназияның 10-сынып командасы ең көп ұпай жинап, 1 орынға ие болды! Құттықтаймыз