
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
Барлығын сан соқтырған шахмат ханшайымы Тулекенова Айзаны
«Шахмат керуенінің» финалына өтуімен құттықтаймыз!
Бұл республикалық жоба Қазақстанның барлық өңірінде шахмат спортын дамыту мақсатында іске қосылған. Шығыс Қазақстан облысы – Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Семей қалаларын аралап шыққан керуен жолындағы жетінші өңір. Ол 10- қарашаға дейін еліміздің түкпір-түкпіріне сапар шегеді. Оған қатысқан 85 адамның 20-сы бүгінгі жартылай финалда Өскемен қаласында бақ сынасты. Сайыста Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінің 8 «А» сынып оқушысы Тулекенова Айза турнирдің жеңімпазы атанды. Жеңісімен құттықтаймыз! Түркістанда өтетін бас финалда сәттілік сапар болсын дей отырып, ата-анасына тәрбиелі де саналы қыз тәрбиелеп отырғанына алғыс айтамыз.
Сынып жетекшісі: Ежембаева А.А.