Жыл сайын күз айының 1 қазанында, Халықаралық қарттар күнінде біз бағалайтын және жақсы көретін адамдарды құрметтейміз.
Қарттар күніне арналған мереке қарсаңында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ "Жас техниктер станциясында" "Материалдарды өңдеу технологиясы " бөлімі «Менің сүйікті ата-әжелерім" балалар суреттерінің көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: аға буынға мейірімді және құрметпен қарауға тәрбиелеу, ұрпақтар байланысын нығайту. Көрмеге 6 үйірмеден 50 оқушы қатысты. Әр түрлі техникамен боялған 50 жұмыс ұсынылды. Балалар өздерінің керемет ата-әжелерінің суреттерін салып, әр суретке барлық сүйіспеншіліктері меннәзіктіктерін қосты. Сондықтан суреттер жарқын және әдемі болып шықты.