«2023-2024 оқу жылында тарих бойынша оқу процесін ұйымдастыру» МӘК басшыларына арналған семинар-практикум

«2023-2024 оқу жылында тарих бойынша оқу процесін ұйымдастыру» МӘК басшыларына арналған семинар-практикум
27 қыркүйек 2023 жылы «2023-2024 оқу жылында тарих бойынша оқу процесін ұйымдастыру» МӘК басшыларына арналған семинар-практикум өткізілді.
​Семинар Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ алаңында О.Бөкейдің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында өтті. Сол себепті, іс-шара облыстық О.Бөкей атындағы кітапхананың тарихи және тарихи-публицистикалық әдебиеттің жаңалықтарына арналған кітапхана көрмесінен басталды. Семинардың мақсаты: педагогтерді 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстыру және цифрлық білім беру кеңістігін іске асыру арқылы қоғамдық пәндер сабақтарында оқушылардың негізгі құзыреттерінің сапасын арттыру мәселелеріне қатысты педагогтердің ақпараттық өрісін кеңейту, сондай-ақ тәжірибе алмасу, білім алушылардың құқықтық және діни сауаттылығын қалыптастыру мәселелері бойынша озық педагогикалық тәжірибені тарату.
​​Семинардың теориялық бөліміне Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 11 мектеп-лицейі» КММ педагог-модераторы К. Т. Алекенева, Өскемен қаласы ішкі саясат бөлімінің діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл және қоғамдық-саяси ахуал мониторингі секторының меңгерушісі Н.А. Копенова «Білім алушылардың құқықтық және діни сауаттылығын қалыптастыру, зайырлылық қағидатын құндылық ретінде түсіну» тақырыбындағы баяндамамен қатысты.
Семинардың практикалық бөлімінде жобалау және зерттеу қызметі арқылы оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің сапасын арттыруға қатысты шеберлік сабақтары өткізілді.
​Семинар жұмысына 50 педагог қатысты.