«Күз бояулары» концерттік - ойын бағдарламасы өтті

«Күз бояулары» концерттік - ойын бағдарламасы өтті

27 қыркүйекте Оқушылар шығармашылық сарайында «Біз әр түрліміз-біз теңбіз» жобасы аясында «Күз бояулары» концерттік - ойын бағдарламасы өтті. Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі балалардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған. Іс-шара барысында балалар жұмбақтар шешіп, мультфильм кейіпкерлерін тауып, би биледі. Сондай-ақ, Оқушылар шығармашылық сарайының тәрбиеленушілері қонақтарға өз өнерлерімен керемет көңіл-күй сыйлады.