ҒЖЦ  пәндерінің мектепішілік ӘК басшыларына арналған қалалық семинар-практикум

ҒЖЦ  пәндерінің мектепішілік ӘК басшыларына арналған қалалық семинар-практикум

2023 жылғы 27 қыркүйекте №46 орта мектеп базасында «2023-2024 оқу жылында пәндер бойынша оқу процесін ұйымдастыру»  ҒЖЦ  пәндерінің мектепішілік ӘК басшыларына арналған қалалық семинар-практикум өткізілді. Семинардың жұмысы екі бөлімнен тұрды: пленарлық және секциялық. Пленарлық бөлімде ҚӘК әдіскері Н. Капчикова  2022-2023 оқу жылында оқушылардың ҒЖБ  пәндері бойынша білім сапасының талдаумен таныстырды. 2023-2024 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы №13 ОМ директорының оқу ісі  жөніндегі орынбасары Н. Дорн айтып берді. Семинар «Педагог тәжірибесіндегі сабақты зерттеу (Lesson Study)», «4К» құзыреттілігі: сабақта қалыптастыру және бағалау», «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» тақырыптары бойынша 2 секцияда жұмысын жалғастырды. Жұмыс тәжірибесімен география, химия және биология пәндерінің педагогтары Н.Исина, О.Очкина, Ж. Мәкенова, Е. Ушакова, А. Даутова, Г. Узбекова бөлісті. Қатысушылардың айтуынша, семинар жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді, практикалық бағыты бар.