Өскемен қаласының мектептерінде «Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні - 10 қыркүйек» акциясы өтті

Өскемен қаласының мектептерінде «Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні - 10 қыркүйек» акциясы өтті

Суицидтік мінез – құлықтың алдын алу-қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Позитивті көзқарас - бұл оқу жылының басында оқушылардың бейімделу кезеңінде олар үшін үлкен қолдау.

         Білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес Өскемен қаласының барлық білім беру ұйымдарында Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні аясында қалалық акция өткізілді.

         Балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу мақсатында бір апта ішінде білім беру ұйымдарында ата-аналардың балалармен сындарлы мінез-құлық стратегияларын дайындау, отбасындағы шиеленіскен қарым-қатынастарды азайту; ата-аналар мен балалар қарым-қатынастарымен айналысатын қалалық құрылымдар туралы хабардар ету бойынша практикалық жұмыс жүргізілді, іс-шаралардың тақырыбы: «Мен, Менің мектебім, Менің отбасым», «Өмір ырғағында», «Менің ғаламтордағы қауіпсіздігім», «Қарашы, бұл әлем қандай керемет», «Отбасы және мектеп», «Ғаламатор ережелері», «Біздің балаларымыздың жарқын болашағы».

         Сондай-ақ, оқушылар шығармашылық сарайының әлеуметтік-психологиялық қызметінің мамандарымен бірлесіп балалар мен жасөспірімдерге арналған профилактикалық сабақтар өткізілді: «Мен және менің айналамдағы әлем» «Толқуды қалай жеңуге болады», «Өмірдегі қиындықтардың шешімі», «Досқа қалай көмектесуге болады», «Стрессті басқару дағдылары». Мектеп мұғалімдеріне көмектесу мақсатында әлеуметтік желілерде және мектеп чаттарында қиын жағдайлармен оңай күресудің жолдарын және сезімдерді басқаруды үйрену туралы қысқа бейнероликтер жүктелген.

         Барлық іс-шаралар өмірдегі маңызды ұстанымды, жағымды эмоцияларды қалыптастыруға, өзін-өзі сезіне отырып, дамуға бағытталған.