“Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы" тақырыбында диктант

“Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы" тақырыбында диктант
Өскемен қаласындағы №30 жалпы білім беретін мектебінде 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай мектебімізде жоспарға сәйкес мерекелік іс-шаралар өткізіле бастады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Иксанова Алия Еркайратовна, Слямова Гульнар Даулетбековна және Имамбаева Жадыра Ержановналар жалпықазақстандық сауаттылық күніне орай “Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы" тақырыбында диктант жаздырды. Сонымен қатар, Абилмажинова Венера Рахимбековна, Иксанова Алия Еркайратовна, Рахимова Асель Бекмухамбетовна және Корыкбасова Галия Кайдаровналар “Ахмет - ұлттың ұлы ұстазы" тақырыбында шағын шығармашылық шолу жасады. Оқушылар іс-шараға ерекше қызығушылық танытты. Балалар тілдер мерекесінің тарихымен танысып, бүгінгі мереке күнімен бір-бірін құттықтады.