2023 жылдың 1 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Лев Гумилев атындағы № 38 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бірыңғай «Мектеп – мейірім мекені!» атты сынып сағаты өтті.
Сынып сағатында оқушылар жазғы әсерлерімен және қызықты оқиғаларымен бөлісті, жаңа оқу жылына арналған жоспарлары туралы айтылды.
Мұғалімдермен бірге білім, өнер және ғылымның құндылығы, жалпыадамзаттық құндылықтардың рөлі және олардың адамның жеке басына әсері туралы айтылды.
Қазақ халқының атақты ағартушылары - Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсыновты еске алды.
Сабақта өзара түсіністік, жақсылық пен қолдау атмосферасы орын алды!