2022-2023 оқу жылында ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№ 48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ -ні 45 түлек аяқтады. 45 түлектің 38-і Мемлекеттік білім Гранты иегері атанып, таңдаған мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарына түсті. Түлектеріміз "Педагогикалық ғылымдар", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Медициналық ғылымдар" т.б. бағыттар бойынша білім алатын болады. 1- түлегіміз Канада мемлекетіне оқуға түсті. Мектеп қабырғасында алған білімдерін дәделдеп, ұстаздары мен ата-аналарының үміттерін ақтады. Жарқын болашаққа бастау алған жолдарына сәттілік тілейміз!!!