Қазақстан Республикасының Конституциясы жыл сайын 30 тамызда атап өтілетін ресми мемлекеттік мерекелердің бірі болып табылады.
Бұл күні республиканың барлық жерлерінде дәстүрлі түрде бұқаралық мерекелік шаралар мен көркемөнерпаздардың концерттері өтеді.
28 тамызда ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ҚБ «Жас техниктер станциясы» ҚМҚК Үлбі орталығындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған ҚР конституциясы күніне арналған «Құттықтау ашық хаты» шеберлік сыныбы өтті. Шеберлік сыныпта балаларға педагогтың жетекшілігімен дайын шаблон бойынша түрлі- түсті қағаздан ашық хат жасау ұсынылды.
Шеберлік сабағы жоғары деңгейде өтті, балалар қызығушылықпен белсенді жұмыс жасап, орындалған жұмысқа риза болды.