Орал қаласындағы «Тамыз кеңесі-2023»

Орал қаласындағы «Тамыз кеңесі-2023»
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін дәстүрлі тамыз кеңесі-2023 «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында елдің 20 өңірін қамтып, үлкен масштабта өткізілді. Өрлеу Батыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп мектепке дейінгі, орта және арнаулы орта білім беру ұйымдарының басшылары үшін «Білім саласындағы басқару негіздері» («Менеджмент в образовании») бағытында 1-ші сессияда "Мектепке дейінгі білім беруді басқарудағы трендтер" бойынша “Балабақша мен отбасы ынтымақтастығы” тақырыбында Республика педагогтерінің құзыреттілігі мен кәсіби шеберлігін шыңдауда өз іс-тәжірибеммен бөлістім. Ата – анамен балабақша ынтымақтастығы, баланы оқыту мен тәрбиелеудегі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да мақсат – мүддесі біреу – ол болашақ ұрпақ тәрбиесі. Балабақшамен отбасындағы ынтымақтастықты біріктіре отырып оқу және тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырып, әр баланы жеке тұлға ретінде қазіргі заман талабына сай рухани жан дүниесін байытып, бойындағы құндылықтарды дамыту мақсатында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №15 “Рахат”балабақша-бөбекжайында жүргізілетін жұмыс түрлерімен презентациялық алаңда шеберлік сыныбы көрсетілді.
Кеңесте арнайы көрме қойылып, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушылардың өнері, ғылым мен білім саласында жеткен жетістіктері таныстырылды.