
Қала күні мен Конституция күнін атап өту қарсаңында 29 тамызда Оқушылар шығармашылық сарайы Өскемен қаласы әкімінің қатысуымен өткен балалар және спорт алаңының салтанатты ашылуына белсене қатысты. Жаңа ойын алаңы Лев Толстой көшесі, 15- тұрғын үйдің ауласында салынды.Мерекенің кішкентай қонақтарын көңілді Фиксиктер қарсы алып, барлық балаларға ойын-сауық бағдарламасын дайындап, тәтті сыйлықтар табыс етті.