2023 жылдың 28 тамызында «Ы.Алтынсарин атындағы №39 орта мектеп» КММ базасында республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мектеп құрал-жабдықтарымен 59 портфельді халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан бірінші сынып оқушыларына сыйға тартты. Халық банкінің Шығыс Қазақстан филиалы біздің тұрақты демеушіміз. Банк жыл сайын қайырымдылық шараларына белсенді қатысады.
Биыл «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 100 жылдығын атап өтеді.
Өскемен қаласының білім бөлімі өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда жақсылық жасауға ынталы, жанашырлық танытып, материалдық қолдау көрсеткені үшін шексізалғысын білдіріп, алдағы уақытта өркендеуді тілейді.