
2023 жылғы 3-9 тамыз аралығында Мордовия Республикасының астанасы Саранск қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ұлдар мен жасөспірімдер арасында XII әлем чемпионаты және қыздар мен жасөспірімдер арасында VIII әлем чемпионаты өтті. Өрт сөндірушілердің кәсіби спорт түрінен біріншілік үшін Ресей Федерациясы, Мордовия Республикасы, Беларусь Республикасы, Словакия Республикасы және Қазақстан Республикасының құрама командалары күресті. Қиын күрестің нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық үшінші орынды жеңіп алды. Чемпионатқа ұлттық құрама құрамында Өскемен қаласының 26-шы орта мектебінің оқушысы және “Жас құтқарушы” орталығының құтқарушысы Никита Боков қатысты. Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!