"Мен бәрін білгім келеді!" ойын-сауық бағдарламасы

"Мен бәрін білгім келеді!" ойын-сауық бағдарламасы
Өскемен қаласының “Жұлдыз" балалар өнер мектебінің педагогтары А.С. Досумова және А.А. Шайхова «Мен бәрін білгім келеді!» ойын-сауық бағдарламасы өткізді.
Шара барысында балалардың ертегілер, жануарлар, өсімдіктер, музыка туралы ой-өрісі кеңейді. Ойын-сауыққа қатысушылар топтық жұмыс жасап, ойындарға белсенді қатысып, жақсы көңіл-күйде болды!