
Өскемен қаласындағы «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің мұғалімі Харламова Е. А. 2 тамызда мерекеленетін Қазақстан Республикасының Десанттық-шабуылдау әскерлерінің күніне арналған «Бізден басқа ешкім емес!» атты танымдық жазғы іс-шарасын өткізді. Балалар әскери бөлімнің құрылу тарихы, атқаратын қызметтері мен ең қиын дайындықтары туралы білді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қаһармандары: гвардия полковнигі Алдабергенов Әділбек Әділханұлы, гвардия полковнигі Дюсекеев Мұқан Естайұлы, гвардия полковнигі Еламанов Уәли Бисақанұлының өмірбаяндарымен танысты.