Көкмойнақ пен Баян Өлгий аймағының тарихи жерлеріне саяхат

Көкмойнақ пен Баян Өлгий аймағының тарихи жерлеріне саяхат
28.06. - 04.07.2023 жылы аралығында Өскемен қаласының қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері Моңғолияның Баян Өлгий аймағындағы «Қабылқақ атындағы Көкмойнақ № 3 орта мектебіне» халықаралық дәрежеде іс - тәжірибе алмасу мақсатында барды.
Іс - тәжірибе алмасу кезінде Көкмойнақ № 3 орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары Өскемен қаласынан барған мұғалімдерді Көкмойнақ пен Баян Өлгий аймағының тарихи жерлеріменде таныстырды.
Ховда өзенінің басы Ақбұлақ сарқырамасына, Таван Богдаға, бағыт көрсеткішіне, Баян Өлгий символын аралатты.
Ақбұлақ сарқырамасында қазақ халқының жайлауы орналасқан. Ақ шаңқан киіз үйлер бір - бір ауылды көрсетіп тұр. Бұл жерден қазақ халқының тұрмыс тіршілігін нақты көруге болады. Өрісте жайылған малдар мен өреде жайылған құрт - майлар соның куәсі.
Бағыт көрсеткішінен кез - келген мемлекеттен Богдаға дейінгі арақашықтық көрсетіліп, қанша мемлекет келгендігі туралы ақпарат алуға болады.
Таван Богда монғол халқы үшін ерекше жер, мұнда алыстан мұнартып 5 тау көрінеді. Әр таудың өз атауы, өз тарихы, тіптен осы таулар туралы аңыздар да бар екен. Таван Богда монғол халқына берілген үлкен сый.
Баян Өлгий символы қалаға кірер қақпа жақта орналасқан. Төбеге шыққан кезде қала ерекше әдемі көрінеді.
Барған сапарымыз өте сәтті болып, ерекше көңілмен оралдық...