28.06. - 04.07.2023 жылы аралығында Өскемен қаласының қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері Моңғолияның Баян Өлгий аймағындағы «Қабылқақ атындағы Көкмойнақ № 3 орта мектебіне» халықаралық дәрежеде іс - тәжірибе алмасу мақсатында барды.
Іс - тәжірибе алмасу кезінде Көкмойнақ № 3 орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары Өскемен қаласынан барған мұғалімдерді әдістемелік, іс - тәжірибелік жұмыстар ғана өткізіп қойған жоқ, мәдени шаралар да ұйымдастырды.
Мұғалімдер теннистен, волейболдан, дойбыдан командалық жарыстар ұйымдастырды.
Ал оқушылар ауыл клубында мерекелік іс - шара өткізді: домбыра ойналып, ән айтылып, өлең оқылды. Оқушылар Көкмойнақ ауылының ақыны Ә.Қуанбайдың өлеңдерін жатқа оқыды. Ә.Қуанбай Өскемен қаласының қалалық мәслихат депутаты.
Бізге ұнаған ең қызықты шараның бірі - табиғатты қорғау мәселесі. Бұл мемлекетте қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінеді екен.
Барлық қызметкерлер, оқушылар аптасына 1 рет табиғатқа шығып, қоқыс тазалау ісіне араласады. Шашылып жатқан қоқыстарды жинап, ауылдың шетінде орналасқан қоқыс жәшіктеріне әкеліп салады. Бұл дегеніміз - оқушыларды еңбекке баулу болып табылады.
Іс - шараның ерекшелігі - ауланы, ауылды, даланы, табиғатты қорғау және сақтау.