28.06. - 04.07.2023 жылы аралығында Өскемен қаласының қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері Моңғолияның Баян Өлгий аймағындағы «Қабылқақ атындағы Көкмойнақ № 3 орта мектебіне» халықаралық дәрежеде іс - тәжірибе алмасу мақсатында барды.
Іс - тәжірибе алмасу кезінде Көкмойнақ № 3 орта мектебінің мұғалімдеріне Өскемен қаласы бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәнінің әдіскері - З.С.Скакова, «№ 48 мектеп - қосымша білім беру орталығы» КММ, оқу ісінің меңгерушісі, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі - Н.И.Шабалова, «Абай атындағы № 33 орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі - А.Торгайн, «Негізгі орта мектеп - интернаты» КММ, директордың ақпараттық технологиялар ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Л.Т.Абай, «№19 қосымша білім беру мектеп - орталығы» КММ, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі - А.С.Уликбекова қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі бойынша диалогтік алаң өткізді.
Диалогтік алаң барысында қала мұғалімдері Көкмойнақ № 3 орта мектебінің мұғалімдерінің қойған сұрақтарына жан - жақты жауап беріп, өз іс - тәжірибелерін ортаға салды.
Екі мемлекеттің оқулықтарын салыстыра отырып, әрбір тақырыпты өткен кезде неге көңіл аудару керектігін мысалдармен дәлелдеп, қадам арқылы нақтылап берді. Әріптестеріміз күрделі тақырыппен жұмыс істеу әдістемесіне кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар олардың да әдістемелерімен танысып, өзара байланысты нығайта беруге уәделесті.
Диалогтік алаң ашық түрде, қызықты өтті.