«Оқу - тәрбие үрдісіндегі ұлттық құндылықтарды қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәні сабақтары арқылы оқушы бойына сіңіру» атты тақырыпта шебер - сынып

«Оқу - тәрбие үрдісіндегі ұлттық құндылықтарды қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәні сабақтары арқылы оқушы бойына сіңіру» атты тақырыпта шебер - сынып
28.06. - 04.07.2023 жылы аралығында Өскемен қаласының қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері Моңғолияның Баян Өлгий аймағындағы «Қабылқақ атындағы Көкмойнақ № 3 орта мектебіне» халықаралық дәрежеде іс - тәжірибе алмасу мақсатында барды.
Іс - тәжірибе алмасу кезінде «Оқу - тәрбие үрдісіндегі ұлттық құндылықтарды қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәні сабақтары арқылы оқушы бойына сіңіру» атты тақырыпта шебер - сынып ұйымдастырды.
Өскемен қаласы бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәнінің әдіскері -З.С.Скакова, «№ 48 мектеп - қосымша білім беру орталығы» КММ, оқу ісінің меңгерушісі, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі - Н.И.Шабалова, «Абай атындағы № 33 орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі - А.Торгайн, «Негізгі орта мектеп - интернаты» КММ, директордың ақпараттық технологиялар ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Л.Т.Абай, «№19 қосымша білім беру мектеп - орталығы» КММ, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі - А.С.Уликбекова кәсіби құзыреттіліктері мен шығармашыл жұмыстарына тоқтала отырып, өздерінің іс - тәжірибелерін ортаға салды.
Халықаралық дәрежеде іс - тәжірибе алмасу барысында білім бөлімінің әдіскері З.С.Скакова қозғалып отырған тақырыптың маңыздылығына тоқтала келе, әріптестеріне іс - шараға белсенді қатысып, өз іс - тәжірибелерін ортаға салғаны үшін жылы лебізін білдірді.
Сонымен қатар шебер - сыныпқа белсене араласып, өз тәжірибелерімен бөліскен «Қабылқақ атындағы Көкмойнақ № 3 орта мектебі» директоры С.Кеңшілікұлына, оқу ісінің меңгерушісі А.Манайханұлына, мұғалімдер Ж.Шағанбайқызына, М.Әділмұратқызына, М.Қымбатұлына, А.Әтімханұлына, Т.Шайзадаға Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы С.Алагузованың Алғыс хатын тапсырды.