Өскемен қаласының “Жұлдыз" балалар өнер мектебінің оқушылары жазғы демалысын көңілді өткізуде. 2023 жылғы 27 шілде күні домбыра және қобыз сыныбының оқушыларымен "Ұлттық ойын” асық ату, ақ сандық, арқан тартыс ойындары ойнатылды. Педагог Құрманғалиева Н. Т. іс-шараны ұйымдастырып, қызықты өткізді.
Қазақтың бұрыннан келе жатқан дәстүрлі ойынын өсіп келе жатқан жастарға ұмыттырмас үшін ұйымдастырылды. Балаларға жақсы әсер мен көтеріңкі көңіл-күй қалдырды.