"Мектепке жол" атты Республикалық акция

"Мектепке жол" атты Республикалық акция
2023 жылдың 1 тамызынан қыркүйек айының 30 на дейін "Мектепке жол" атты Республикалық акция өткізіледі. Акцияның ұраны: Жақсылық жаса!
Қазақстан республикасының әрбір азаматы балаларды мектепке дайындауда, оқушыларға қуаныш сыйлау мақсатында атаулы көмек көрсетуде белсенділік таныта алады.
Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, ата- ана қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету.