«Күншуақты жаз» күндізгі демалысының кезекті маусымы аяқталды

«Күншуақты жаз» күндізгі демалысының кезекті маусымы аяқталды

Оқушылар шығармашылық сарайында жазғы демалыс жалғасуда. «Күншуақты жаз» күндізгі демалысының кезекті маусымы аяқталды. Осы аралықта балалар "Art- centr"шығармашылық мектебіне белсене қатысты, сарайдың педагогтері театр өнері, шахмат үйірмесі және хореография сабақтары арқылы олардың жан-жақты дамуына үлес қосты. Атап өтетін жайт, маусымның соңында балалар ойын-сауық бағдарламасы, «Минута славы» таланттар шоуына қатысып, өздерінің ерекше қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды. Лагерь ауысымы бойы Оқушылар сарайында балалардың шығармашылыққа, достық пен махаббатқа толы тамаша демалысы үшін барлық жағдай жасалды.