ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Жас техниктер станциясы" КМҚК-да "Шатырлы лагерь орнату" тақырыбында мастер-класс өтті.
Мастер-класс барысында оқушылар екі қабатты жақтау шатырды орнатуды, экспедициялық рюкзактарды жинауды және иықтарында үлкен жүкпен дұрыс жүруді үйренді. Балалар уақытты тиімді өткізді және енді нағыз жорыққа шығуға дайын.