«Өзі өзіне режиссер» жазғы іс-шара өтті

«Өзі өзіне режиссер» жазғы іс-шара өтті

2023 жылдың 27 шілдесінде Өскемен қаласының «Жұлдыз» балалар өнер мектебі» КММ-де «Өзі өзіне режиссер» жазғы іс-шара өтті. «Dance Class» студиясының оқытушы Бернхардт Н.А. өткізді. Балалар ойнақы би кешіне қатысты. Олар өздерінің жеке хореографиясын ойлап тапты, шағын би композицияларын қоюды үйренді. Іс-шара балаларға ұнады, биді қоюда жаңа білім мен тәжірибе алды.