Өскемен қаласының “Жұлдыз" балалар өнер мектебінің оқушылары жазғы демалысын көңілді өткізуде. 27 шілде күні домбыра және қобыз сыныбының оқушыларымен "Шыгармашылык сайысы” атты өз өнерін көрсету ұйымдастырылды. Балалар қобыз, домбыра, би, ән т.б. өнерлерін паш етті.
Бұл сайыс балалардың ішіндегі жасырын талантты ашты. Балаларға жақсы әсер мен көтеріңкі көңіл-күй қалдырды.