
Балалардың жазғы демалысы - қуанышқа толы оқиғалар мен жаңа оқу жылына күш жинайтын мүмкіндіктердің кезеңі. Жазғы демалысты пайдалы өткізудің бір түрі ретінде Оқушылар шығармашылық сарайы "Art-center" шығармашылық мектебін ұсынады. Дәл осы жерден өзіңе ұнаған бағытты тауып, өз-өзіңді дамыту жолындағы жаңа белестерді бағындыруға болады. ОШС-дағы "Art-center"- сарай педагогтері дайындаған сабақтар жиынтығы. Ол хореография, вокал, сурет салу өнері, сәндік-қолданбалы өнер, шахмат, театр өнері, психологиялық ойындар, компьютерлік технологиялар, гимнастика бағыттарын қамтыды. Шығармашылық мектеп баланың түрлі бағыттардағы шығармашылық және физикалық дамуын қамтамасыз ететін және ең бастысы денсаулығын нығайтатын 3 қызықты сабақтан тұрады.