Өскемен қаласының Самғау Шығыс балабақшасында "Әкем, анам және мен” спорттық отбасылық сайыс өткізілді.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, отбасындағы қарым-қатынасты дене шынықтыру арқылы нығайту. Сайысқа орта, ересек және даярлық топтарының тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары қатысты. Сайыста түрлі жаттығулар жасалды, спорттық, шығармашылық тапсырмалар да болды, сонымен қатар даярлық тобының оқушысының орындауында ән айтылды. Сайыс соңында әр отбасыға спорттық номинациялар бойынша мадақтамалар мен балаларға сыйлықтар берілді.