Мектеп жанынандағы "Еркетай" сауықтыру лагері

Мектеп жанынандағы "Еркетай" сауықтыру лагері

5.06.2023 жылы ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "№27 орта мектебі" КММ мектеп жанынандағы "Еркетай" сауықтыру лагері өз жұмысын бастады. Балаларды таңғы көңіл күймен тәрбиешілер мен бірге ертегі әлемінен Аю қарсы алды. Салтанатты ашылудан кейін, Қазақстан Республикасы рәміздер күніне арналған лездеме өткізілді, балалар рәміздер тарихын еске алып мемлекеттік Гимн орындады. Түстен кейін "Юбилейный" кинотеатрына барып қойылым тамашалап көңілдерін көтерді.