Жыл сайын ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ Жас «техниктер станциясы» КМҚК-ны қала мектептері жанындағы лагерлерімен жұмысын өткізеді.
Бағдарламаның көздейтіні:
• «Шеберлікке шек жоқ» атты шығармашылық шеберханаларында жұмыс жүргізуді көздейді, сол жерде педагогтер қағаз пластикасынан, әуемоделдеуден, 3D моделдеуден, робототехникадан, STEM моделдеуден шеберлік дәрістерін өткізетін болады.
• Сүйікті қысқа метражды мультфильмдерді көруді көздейді.
• «Саяхат әлемі» атты шытырман оқиғалы ойынды ойнатуды көздейді.
Ұйымдастырылған жұмыс процесінде, балалар көптеген ғанибет сезімдерді бойларына сіңіріп, сергектік пен жігерлік дәрмен жинайды, жаңа оқу жылына күштерін қалпына келтіре алады. Балалардың бойында сергек рух, жақсы көңіл-күй және ойларында жылы естеліктер қалады деген ойдамыз.