5 маусым күні "Жұлдыз" балалар өнер мектебінің №1,3,43 мектепте орналасқан домбыра сыныбы оқушылары арасында "Мемлекеттік Рәміздер - ұлттық мақтанышымыз" атты домбыра пати өткізілді. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. Шара ҚР Әнұранымен басталды. Оқушылар ҚР Рәміздері туралы мағлұматтармен бөлісті. Әр мектептен келген жас домбырашылар жеке жеке өнерлерін ортаға салып, шара соңында халық күйлерін біріге орындады. Еліміздің көк байрағы желбіреп, Әнұранымыз асқақтай берсін!