"Спорттық, патриоттық ойындар" өтті

"Спорттық, патриоттық ойындар" өтті

4-5 маусым аралығында Үлбі өзенінің жағасында ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған "Спорттық, патриоттық ойындар" өтті. Іс-шараға "Спорттық туризм" үйірмесінде оқитын ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ҚБ "Жас техниктер станциясы" КМҚК 25 жас турист қатысты. Балалар дала лагерін тезірек және жақсырақ орнатып, отта тамақ дайындап, жергілікті жерді бағдарлай алатындар сайысқа түсті. Бұл ойындар балалардың бірлігі мен туған өлкені білуге деген құштарлығын көрсетті.