Қала мектептерінің 9-сынып түлектері негізгі мектептің курсы бойынша қорытынды аттестаттауды бастады. Бүгін, 2 маусымда бірінші емтихан – оқу тілінде эссе жазады (қазақ және орыс тілдерінде) .
Ағымдағы оқу жылында Өскемен қаласында 9-сыныпты 3715 оқушы бітірді, оның 434-і үздік аттестатқа (2022 жылы – 397) үміткер.
9-сынып оқушылары үшін бітіру емтихандары Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 125 бұйрығына сәйкес дәстүрлі форматта 2023 жылғы 2 маусым мен 13 маусым аралығында өткізіледі.
Қорытынды аттестаттау шарттары:
Оқыту тілі (қазақ/орыс) бойынша жазбаша емтихан эссе түрінде 2023 жылдың 2 маусымында өтеді. Сол күні гуманитарлық циклдегі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептерге жазба жұмыстар (мақала, әңгіме, эссе) тапсырылады.
Математикадан (алгебра) тест 2023 жылдың 6 маусымында өтеді.
Орыс тілінде оқытылатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан және қазақ тілі пәні бойынша оқыту сыныптарында орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 9 маусым 2023 ж.
Таңдау пәнінен жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, әдебиет (оқу тіліне сәйкес), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 13 маусым 2023 ж.