Ең маңызды мереке - Балаларды қорғау күні

Ең маңызды мереке - Балаларды қорғау күні
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №7 "Радуга" балабақшасы" КМҚК
Бүгін таңертеңнен музыка мен сыңғырлаған күлкі естілді, өйткені бүгін балалар үшін ең маңызды мереке - Балаларды қорғау күні. Ал біздің No7 «Радуга» балабақша мамандары мен тәрбиешілер өз күшімен бүлдіршіндерге «Балалық шақ пойызымен саяхат» атты тосын сый дайындады. Бірақ қай жаққа саяхат? Саяхат көңілді және жалынды Балалық шақ еліне. Балаларды Жаз сиқыршысы қарсы алып, оған жаздың түстерін жинауға көмектесу үшін саяхатқа шығуды ұсынды. Балалар "Түрлі түстер", "Би", "Ойын", "Ертегі" және "Білім" бекеттерін аралады... Әр кейіпкер түрлі-түсті лента түрінде бояу алу үшін қызықты тапсырмалар ұсынды. "Түрлі түстер" бекетінде балалар бояулармен кемпірқосақ салуға тырысты; "Би" бекетінде дискотека болды ; "Ойын" бекетінде балалар күштерін, ептіліктерін эстафеталарда сынады; "Білім" бекетінде балалар өз білімдерін көрсетті: олар қазақ тілінде заттарды атады, бірақ "Ертегі бекетінде Жалмауыз кемпір балаларға саңырауқұлақ бергісі келді, бірақ ол саңырауқұлақтың улы екенін балалардан білді, сонымен қатар жарақаттанған кезде қандай өсімдіктер көмектесетінің білді. Мереке сабын көпіршіктерімен, дискотека және тротуарға сурет салумен жалғасты. Мерекеден балалар күні бойға жақсы көңіл күй алды!