Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған асфальттағы суреттер байқауы

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған асфальттағы суреттер байқауы

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Жас техниктер станциясы» КМҚК-ның тәрбиеленушілері Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған асфальттағы суреттер байқауына қатысты. Жас суретшілер түрлі-түсті бормен гулдерді, аспанды, аспандағы күнді, кемпірқосақты және де көптеген басқа суреттерді салды. Байқаудың қатысушылары ынталана отырып, асфальтты өнер туындысына айналдырды. Асфальт толығымен безендірілді, әдемі және көркем жұмыстардан көз тоқтата алмадық, бор бітуге таяды, ал қатысушылардың жүректерін қуаныш кернеді. Барлық суреттер жарқын, қызықты, ең бастысы – мейірімге толы туындылар болып шықты.