
1 маусым күні ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Жас техниктер станциясы» КМҚК «Балалардың игілігі үшін» атты республикалық науқан аясында қосымша білім беру педагогтері «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ тәрбиеленушілері үшін Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шеберлік дәрісін өткізді. Шеберлік дәрісіне орталықтың 8–14 жастағы 12 тәрбиеленушісі қатысты. Балаларға жұмысты «Аирис фолдинг» техникасында орындау ұсынылды. Сондай-ақ балалар үшін Станция ішіне экскурсия ұйымдастырылған болатын, оның барысында балалар «Робототехника» зертханасында виртуалды әлемнің қызығын көре алды. Балалар көптеген әсер алып, бойларына бір күндік күш-жігер жинап алды!