«Шеберлікке шек жоқ» атты шығармашылық шеберханалар өтті

«Шеберлікке шек жоқ» атты шығармашылық шеберханалар өтті

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Жас техниктер станциясы» КМҚК-да болған балалық шақтың басты мерекесі – Балаларды қорғау күні қуанышты, шаттық, жылы және әсерлі көңіл-күйде өтті. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалардың игілігі үшін» атты республикалық науқанды іске асыру аясында, барлық педагогтер бұл мерекені балалардың есінде ұзақ уақыт сақталатындай етіп жасауға тырысты. Бұл күні біз мерекелік атмосфераны жасап, балалардың көңіл-күйін көтеретін сабақтармен және ойындармен оларды қуантуға тырыстық. Балалар Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Шеберлікке шек жоқ» атты шығармашылық шеберханалардың жұмысына қатысты, олар сол жерде неше түрлі бұйымдарды қолдан жасады. Бұл күні әр бала үйіне өз қолымен жасаған бұйымын, сонымен бірге біздің жылуымыз бен қамқорлығымыздың кішкене бір бөлшегін алып қайтты деген ойдамыз. Балалар көздерінде ұстаздардың ішкі жан дүниесінде жылы сезімді оятатын бір нәрсе жарқырап көрініп тұрды, сондықтан бұл ретте біз, мамандығымыздың бұл дүниедегі ең мейірімді әрі ең жақсы мамандық екендігіне тағыда көзімізді жеткіземіз.