"Балалық шақ пойызы" шығармашылық шашу мен асфальтта сурет салу конкурсы ұйымдастырылды

"Балалық шақ пойызы" шығармашылық шашу мен асфальтта сурет салу конкурсы ұйымдастырылды
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Самғау Шығыс" балабақшасында Балаларды қорғау күніне арналған "Балалық шақ пойызы" шығармашылық шашу мен асфальтта сурет салу конкурсы ұйымдастырылды.
Мақсаты:Ойын - сауықта өлең айтып , сурет салып, би билеу , спорттық ойындар арқылы белсенділіктерін арттыру . Балаларды өзін құрметтеуге , әлеуметтік мәнділік сезімін , жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу .
Мереке өте көңілді өтті балалар ән айтып, би билеп, спорттық ойындар ойнады, барлық топтарға мерекелік шашу тәттілерді берілді. Барлықтарыңызға ашық аспан бейбіт өмір, балаларға бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз!