01 маусым 2023 жылы ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№4 «Сәулетай» балабақша-бөбекжайы» КМҚК – да
халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Шығармашылық отшашуы» Балалық шақ пойызы» атты мерекелік іс-шара өтті. Таңертең біздің балаларды көңілді Клоун мен Карлсон қарсы алып, мерекеге шақыру қағаздарын таратты. Балалық шақ пойызымен балалар әртүрлі станцияларда болды, онда оларды көптеген қызықты тосынсыйлар күтіп тұрды. Балалар әр түрлі жұмбақтардың шешуін тауып, ән айтып, түрлі ойындар ойнап, би билеп шаттыққа бөленді.