Балаларды қорғау күнінде мерекелік шара өтті

Балаларды қорғау күнінде мерекелік шара өтті
1 маусым Балаларды қорғау күнінде ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №6 "Күншуақ" балабақша-бөбекжайы КМҚК мерекелік шара өтті. Балабақша бүлдіршіндері шығармашылық, спорт, ән және би бекеттеріне бөлінген алаңдарды аралай жүріп, көңіл көтерді. Алаңдарда қызықты ойындар ойнап, ән салып, би билеп, түрлі-түсті бояулармен әдемі суреттер салып мәз-мейрам болысты. Мереке соңында бүлдіршіндерге тәттілер үлестірілді. Мерекелік шара асфальтта сурет салумен жалғасын тапты.
Өміріміздің гүлі - кішкентай ғана балдырған балаларымызды мерекелерімен құттықтап, бақытты балалық шақ, жарқын болашақ тілейміз.